turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан

1 маусымда Болашақ энергиясы музейіне балалар тегін кіре алады

31 Мамыр, 2024
in Қазақстан
0
1 маусымда Болашақ энергиясы музейіне балалар тегін кіре алады
0
SHARES
37
VIEWS

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 16 жасқа дейінгі балаларға Болашақ энергиясы мұражайына кіру тегін болады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz QazExpoCongress-ке сілтеме жасап.

Экспонаттар, интерактивті қондырғылар, виртуалды шындық аймағы және басқа да контент түрлері балалар мерекесін жасыл технологиялар әлеміне танымдық саяхатқа айналдырады.

Бұл күні мұражайда «Көркем-ай», «Тұмар», «Бастау» хореографиялық ансамбльдері, сондай-ақ Ақмарал Дәулет пен Гүлназ Ермекова сияқты жас өнерпаздардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарламаның басталуы сағат 12:00 мен 15:00-ге жоспарланған. Іс-шара Salem, alem! телеарнасында көрсетіледі.

Сонымен қатар мұражайдың бірінші қабатында этнограф-топтамашы Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» көрмесі тұрақты негізде өтіп жатыр, онда бірнеше ғасырлық тарихы бар үлкен мәдени құндылықты бейнелейтін бұйымдар ұсынылған.

Мұражайдың жұмыс кестесі сейсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, дүйсенбі – техникалық күн.

Сондай-ақ 1 маусымда EXPO кешенінің аумағында роллердром алаңының ашылуы өтеді. Мереке күні 14 жасқа дейінгі балалар роликті тегін тебе алады. Роллердромның жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Бұдан бөлек бұл күні жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ аймағында серуендеуге де болады.

Алдыңғы пост

Қазақстан мен Өзбекстан спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Келесі жаңалық

Ақша жымқырған басшылар сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі