12 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Алматыда түнде жене таңертең тұман түседі.
Абай облысының күндіз батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман.
Қостанай облысында қар, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 метрге жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 25 метрге жетеді.