21 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz тілшісі.
Іс-шараға ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры қатысады.
Отырыс барысында биыл Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарланып отыр. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады, — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімдерге қол қою, сондай-ақ Ақпараттық хабарлама қабылдау жоспарлануда.