turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

900-ге жуық астаналық баспаналы бола алады

17 Қыркүйек, 2024
in Басты жаңалық
0
Ақшаны депозитте сақтау қаншалықты қауіпсіз?

pixabay.com

0
SHARES
4
VIEWS

23 қыркүйектен бастап «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. Өтінімдер 2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 09: 00-ден 7 қазан сағат 18.00-ге дейін дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау birge.astana.kz. порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы бағдарлама аясында әр санатқа қанша пәтерден бөлінгенін жария етті.

«Көпбалалы отбасылар» санаты үшін пәтерлер саны — 223 пәтер. «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған пәтерлер саны — 154 пәтер. «Халықтың әлеуметтік осал топтары» басқа санаттарына арналған пәтерлер саны — 458 пәтер. Бұл ретте тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Пәтерлер Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында орналасқан.

Бұл ретте қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.

Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады. Дегенмен қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтетінін ескерген жөн.

«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына, Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған, төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:

1) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;

3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар;

6) жасы бойынша зейнеткерлер;

7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8) қандастар;

9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12) толық емес отбасылар.

Алдыңғы пост

Көкпар: Қазақстан Өзбекстанды жеңді

Келесі жаңалық

Қытай – музейлер елі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі