turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Түркістан әкімі Тоқаевқа былтырғы жетістіктері жөнінде есеп берді

16 Қаңтар, 2024
in Басты жаңалық, Қазақстан
0
0
SHARES
9
VIEWS

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Президентке Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Дархан Сатыбалдының баяндамасына сәйкес өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5% өсіп, 1 трлн теңгеден асқан.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған. Аалдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 млрд теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн теңге болған. Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр, — делінген хабарламада.

Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр.

Сонымен қатар:

  • облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген;
    облыста жалпы сомасы 407,5 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген;
  • үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды;
  • былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды;
  • «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады;
  • өткен жылы облыстағы 20 елді мекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды.
  • Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды;
  • 62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты. Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Алдыңғы пост

Үшаралда депутатты пышақтап кетті

Келесі жаңалық

Қазақстан тағамдық жұмыртқа мен құс етін өндіруді қалай ұлғайтпақ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі