turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таным

Талапкерлер ҰБТ-да қай пәнді көп таңдайды

18 Қаңтар, 2024
in Таным
0
Талапкерлер ҰБТ-да қай пәнді көп таңдайды

pixabay.com

0
SHARES
7
VIEWS

Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдағаны белгілі болды. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария сынды бағыттарға оқуға түсе алады.

Сонымен қатар алғашқы бестікте «Математика-Физика» – 16,9%, «Математика-Информатика» – 11,7%, «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 9,4% және «Шығармашылық емтихан» – 9,3% бар.

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы «Математика-Физика» – 19,2% болды. Екінші орында «Биология-Химия» – 18,6%, «Шығармашылық емтихан» – 10,2%, «Математика-Информатика» – 10% және «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 8,7%.

ҰБТ-дағы ең танымал комбинацияны «Биология-Химия» деп өзгеру талапкерлер арасында медициналық және ауылшаруашылық мамандықтарының басым таңдауға ие болғандығын көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда ҰБТ-ның барлық кезеңдерінде талапкерлер инженерлік, құрылыс, педагогикалық және басқа да мамандықтарға түсуге мүмкіндік беретін «Математика-Физика» комбинациясын көп таңдады. Осы комбинацияда мамандық таңдау мүмкіндігі де көбірек, сонымен қатар гранттар алу ықтималдығы жоғары. Осыған қарамастан, 2024 жылы талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдауды жөн көрді», — деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.

Алдыңғы пост

Қандаладан құтылам деп қос баланы өлтіріп алған әйелге сот үкім шығарды

Келесі жаңалық

Қазақстан бірыңғай уақытқа көшеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі