turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ақпан айында күн райы қандай болады

1 Ақпан, 2024
in Қоғам
0
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
0
SHARES
10
VIEWS

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес 2024 жылдың ақпан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтілуде.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтілуде. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында елдің басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын — шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжануда. Тұрақсыз ауа райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен күтіледі. Республиканың батысында ақпан айының басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін. Ақпанның бірінші онкүндігінің соңында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін елдің қалған аумағында болжанады.

Алдыңғы пост

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды

Келесі жаңалық

Жүргізушіні ұрған жігіт халықтан кешірім сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі