Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарады. Ол видеоны ұсталар алдында түсірген, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер.
Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққы жыққан ер адамның видеосы тараған еді. Кейін қаскөйдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.