«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар екені анықталды. Құлау қаупі өте жоғары, — делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.
Мәліметке сәйкес, осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушылары үшін өте жоғары қауіп пен тәуекелділікте.
Апатты жою басшысының орынбасары — КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады, — деді ТЖД.
Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан жерде Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары бар.