turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстан-Өзбекстан байланысы нығая түспек

20 Ақпан, 2024
in Экономика
0
Қазақстан-Өзбекстан байланысы нығая түспек

СІМ

0
SHARES
25
VIEWS

Қазақ тарапының шақыруымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ӨР Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, экономикалық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын қарастырды.

ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси еріктерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан бауырластыққа, теңдікке, өзара құрмет пен сенімге негізделген толық форматты өзара іс-қимылды ойдағыдай құрып жатқанын атап өтті.

Өзбекстан – Қазақстан үшін орны ерекше, сенімді одақтас әрі маңызды әріптес мемлекет. Біз өзбек елінің көптеген салалардағы тың жетістіктерін шынайы ниетпен қабылдап, жоғары бағалаймыз, – деп мәлімдеді Мұрат Нұртілеу.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің 2021 жылғы желтоқсанда Астанаға және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентке жасаған өзара мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында берік шарт-құқықтық база қалыптасқанын, өзара іс-қимылдың жаңа форматының институционалдық негіздері қаланғанын атап өтті. 2022 жылы Ташкентте қол қойылған одақтастық қатынастар және шекараны белгілеу туралы шарттар елдеріміздің қарым-қатынастарын үйлесімді дамыту үшін берік негіз қалады.

Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылды, өткен жылдан бастап Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі жұмыс істейді. Күн тәртібінде Сыртқы істер министрлері кеңесінің құрылуы бар.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты сауда айналымы тұрақты түрде 4 млрд АҚШ долларынан асты.

Министрлер экономикалық әріптестікті тереңдетуге, өзара сауданы 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесуге келісті.

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу жөніндегі жобаны іске асырудың маңыздылығы аталып өтті, оның іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Бүгінде айтарлықтай прогресс байқалатын өнеркәсіптік кооперация саласына ерекше назар аударылды. Екі ел үкіметтерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 156 млн АҚШ доллары сомасына 12 бірлескен жоба іске асырылды. Шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына 21 жаңа бірлескен жоба пысықталуда.

Кездесу барысында тараптар көлік және логистика, энергетика, су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Екі мемлекеттің берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарының негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері жеке қаралды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Қазақстан мен Өзбекстанның өскелең ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретін жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлары осы мақсатқа сай келеді.

Рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында ортақ мәдени-гуманитарлық мұраны зерделеу және дәріптеу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында министрлер көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасасуға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестерді».

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері шеңберінде өңірлік кооперацияны дамыту және тереңдету бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше аталып өтті.

Ресми сапар барысында ӨР Сыртқы істер министрі Б. Саидов сондай-ақ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қабылдауында болды.

Алдыңғы пост

Бүгін Қазақстанда -45 градус аяз болады

Келесі жаңалық

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жаңа әуе бағыттары ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі