turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі: Мәжіліс заңды Сенатқа жолдады

28 Ақпан, 2024
in Басты жаңалық
0
Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі: Мәжіліс заңды Сенатқа жолдады

pixabay.com

0
SHARES
14
VIEWS

Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, түзетулерде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, он алты жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар қосымша түзету енгізді. Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды.

Сондай-ақ Үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді.

Алдыңғы пост

Наурыз мейрамында Қытай телеарналарында қазақтың күйлері орындалады

Келесі жаңалық

Қазақстан мен Қытай бірлесіп «ақылды темір жол» жасайтын болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі