Шығыс қазақстандық Дана Абзалқызы “Лу Бань шеберханасының” жұмысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Turanaqparat.kz тілшісі.
26 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына сапары кезінде “Лу Бань шеберханасын” аралап, жұмысымен танысқан болатын.
Шығыс қазақстандық Дана Абзалқызы қазақ-қытай серіктестігі жылдан-жылға дамып келе жатқанын айтты.
Қазақстан мен Қытай байланысы қарқынды дамып келеді. Дипломатиялық серіктестіктің 30 жылында жақсы жетістіктер мен нәтижелер болды. Енді елдеріміз “алтын отыз жылдыққа” қадам басып отыр. Қазақ-қытай қарым-қатынасы көрсеткішінің бір жемісі, жеңісі — осы “Лу Бань шеберханасын” ашу. Елдеріміздің басшыларының келісссөздерінің арқасында былтыр желтоқсанда ШҚО-да “Лу Бань шеберханасы” ашылды, — деді ол.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Қазақстан-Қытай білім саласында ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Қытай қазақстандық студенттер үшін гранттар бөлуде.
“Лу Бань шеберханасы” — техникалық білімді мамандарды даярлайтын орталық. Бұл елдеріміздің арасындағы ерекше жоба деп есептеймін. Себебі қазір Қазақстан машинажасау, тау-кен саласы сияқты мамандарды дайындауға баса мән беріп жатыр. Ал енді шеберхана елімізге керекті білікті мамандардың қатарын толықтыратынына сенімдімін. Президентіміз де бұл салаға ерекше назар аударады. Жақында ғана Тоқаев ШҚО-да болып, “Лу Бань шеберханасының” жұмысымен танысты. Президент осындай шеберханадарды көптеп салу керегін де көтерді. Алдағы уақытта білікті мамандарды оқытатын осындай орталықтар басқа да өңірлерде ашылса, нұр үстіне нұр болар еді, — деп ойын айтты Дана Абзалқызы.
Елімізде «Лу Бань шеберханаларын» ашу бастамасын былтыр мамыр айында Сианьда өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин көтерген болатын.
Университет мақсаттарының бірі – осы «Лу Бань шеберханасы» базасында отандық автомобиль құрастыру өнеркәсібі үшін жоғары білікті техникалық және инженерлік кадрларды даярлау.
Орталықты аралап көрген Президент студенттермен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Сондай-ақ экономиканы дамыту үшін елімізде «Лу Бань шеберханасы» сияқты орталықтардың санын көбейту маңызды екенін атап өтті.