turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Тоқаев қазақстандық әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

8 Наурыз, 2024
in Басты жаңалық
0
Тоқаев жаңа Үкімет басшысына қандай тапсырмалар берді
0
SHARES
15
VIEWS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандық әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құттықтаудың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қымбатты ханымдар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз.

Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.

Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес.

Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы.

Еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін.

Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын!
Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Алдыңғы пост

KazakhExport Тәжікстандағы экспорт жобаларын арттырып жатыр

Келесі жаңалық

ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы мерт болғанын растады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі