turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды

12 Наурыз, 2024
in Спорт
0
Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды

Туризм және спорт министрлігі

0
SHARES
13
VIEWS

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz Спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы 11 боксшысы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының бес жолдамасын салды.

Атап айтар болсақ, Париждегі Олимпия ойындарына жолдамаларды ерлер бәсекесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 кг), әлем чемпионы Сабырхан Махмұд (57 кг), әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг), әлем чемпионы Нұрбек Оралбай (80 кг) және 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Айбек Оралбай (92 кг) жеңіп алды. Өкінішке қарай әйелдер құрамасы лицензияға қол жеткізе алмады.

Бокстан Италиядағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Париждегі дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтаймын. Ел жанкүйерлері қашан да боксшылардан үздік нәтиже күтеді. Сіздер бұл жолы жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құрама қоржынын маңызды лицензиялармен толықтырдыңыздар. Енді Олимпиадаға дайындықты күшейтіп, Париж төрінде топ жаруларыңызға тілектеспін, — деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, барлығы ерлер арасында Олимпиаданың 28, әйелдер арасында 21 жолдамасы үлестірілді. Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан еншісінде екі жолдама бар еді. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова (57 кг) Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алып қойған болатын.

Алдыңғы пост

Ораза-2024: Қалалар бойынша кесте

Келесі жаңалық

ҰҚК Бурабайда қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі