turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

EXPO кешенінің аумағында Наурыз мейрамы өтеді

19 Наурыз, 2024
in Мәдениет
0
EXPO кешенінің аумағында Наурыз мейрамы өтеді

Tengrinews.kz

0
SHARES
10
VIEWS

21-22 наурыз аралығында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күнін EXPO кешенінің аумағында тойлауға шақырады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Әз Наурыз мерекесіне орай аумақта түрлі-түсті декорациямен безендірілген қазақ ауылы ұйымдастырылады. Онда шеберлер өз бұйымдарын ұсынады, сондай-ақ алаңда алтыбақан құрылатын болады.

Болашақ энергиясы мұражайында да мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған. Мұнда «Арт Домбыра» триосы, «Қосалқа» квинтеті, «Тарлан» домбырашылар ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, айтыскерлер, әншілер, би ұжымдары өнер көрсетеді, ал театр труппасы «Әз-Наурыз – жыл басы» мюзиклін қояды. Сонымен қатар мұражай алаңында қазақтың палуаны Сергей Цырульников күш изометриясын көрсетеді. Сондай-ақ мұражайда киізден сурет жасау және қолдан кілем тоқу бойынша шеберлік кластары өткізіледі, ал қолөнершілер кәдесыйлар, киім-кешектер, қолдан жасалған ыдыс-аяқтарын және тағы басқа да бұйымдарын сатылымға қояды. Бұл күні қонақтар дәстүрлі мерекелік тағам – Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады. 21-23 наурыз аралығында мұражайға билеттерді 50% жеңілдікпен сатып алуға болатынын атап өткен жөн.

21-23 наурыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді. Мұнда қазақстандық өндірушілер азық-түліктен бастап, тоқыма бұйымдарына дейінгі тауарларын арнайы мерекелік бағамен саудалайды. Жәрмеңкеге Қазақстан, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да шет елдердің үздік шеберлері мен қолөнершілері қатысады.

Алдыңғы пост

19 наурыз – Жаңару күні

Келесі жаңалық

Полиция боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі