turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылды

22 Наурыз, 2024
in Спорт
0
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылды

Мәжіліс

0
SHARES
33
VIEWS

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Бүгіннен санап бастасақ, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды.

Жиынға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.

Салтанатты рәсімді ашқан Мәжіліс спикері жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны түркітілдес халықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударған байрақты бәсеке екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов қазіргі уақытта елімізде әлемдік жарысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

Осы дүбірлі жарысты Қазақстанда абыроймен өткізу – баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл доданы  жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Біз Көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты деңгейде өткіземіз деп зор сеніммен айта аламын. Бұл сайыс бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді. Елдеріміздің арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мәжіліс спикері.

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады.

Салтанатты рәсімнен соң меймандар «Наурыз мейрамы Астана 2024» қолөнершілер жәрмеңкесін аралап, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

Алдыңғы пост

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымын арттыру жолдары талқыланды

Келесі жаңалық

Наурыз мерекесі: Елордада 2,5 тоннадан аса палау әзірленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі