Үрімші қаласында (ҚХР) Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.
ҚХР делегациясын Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.
Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды, — делінген хабарламада.
Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.