turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады — Қасымбек

25 Наурыз, 2024
in Қоғам
0
Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады — Қасымбек
0
SHARES
11
VIEWS

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қаладағы жолдарды жөндеу жұмысы қалай жүргізілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады.
Жауапты басқарма жол жұмысшылармен бірге жөнделетін көшелердің ұзаққа шыдауын қамтамасыз етуі керек. Жұмыс мінсіз, лайықты күйде және сын көтеретін деңгейде орындалуы керек.

Елорданы аралау барысында қаланың барлық ауданына барып, биылға арналған жоспарларын белгіледік. Биыл жол жөндеу жұмысы ертерек басталады. Ұзындығы 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Сол сияқты 20-дан астам ірі нысан бар. Олардың бір бөлігін биыл аяқтаймыз, тағы бір бөлігінің (көшелер, жол айрықтары, көпірлер және т.б.) құрылысын биыл бастаймыз. Сондай-ақ, тротуарларды, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды, аялдама қалтарыстарын, пандустарды және т.б. жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Ең алдымен көлік көп жүретін, жаңа әлеуметтік нысандар (кірме жолдар) бар орындарда, сонымен қатар елді мекендерде жолдар жөнделіп, салынады. Құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарға тоқталар болсам, онда инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жолдар салынады; оған дейін жауапты басқарма уақытша төсеммен қамтамасыз етуі керек.

Сондай-ақ, қазір коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы белсенді жұмыс жүргізіп жатыр: қар шығару, коллекторларды, науа-арық желісін, бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтарын тазалау және т.б.», — дейді Жеңіс Қасымбек.

Алдыңғы пост

Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

Келесі жаңалық

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі