turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Көктемгі витамин тапшылығы: ағзаны дәрумендермен қалай толықтырамыз

26 Наурыз, 2024
in Қоғам
0
Көктемгі витамин тапшылығы: ағзаны дәрумендермен қалай толықтырамыз
0
SHARES
13
VIEWS

Маусым ауысқан кезде адамда дәрумен тапшылығы туындайды, адамдардың 80% — на дейін осыған ұшырайды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде №11 қалалық емхана директорының орынбасары Алмаш Ардабаева айтты, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Витамин тапшылығы денсаулықтың нашарлауына, иммунитеттің төмендеуіне және соның салдарынан ауруларға әкелуі мүмкін.

ӨКҚ сарапшысы «витамин тапшылығы» дегеннен гөрі, бұл құбылысты «гиповитаминоз» —  ағзадағы дәрумендердің төмен деңгейі деп атаған дұрыс дейді. Бұл климаттың ерекшеліктеріне, өмір салтына және тағамға деген талғамға тікелей байланысты.

Көктемгі витамин тапшылығының белгілері:
— апатия және бұрын ләззат алған нәрселер мен әрекеттерге қызығушылықты жоғалту;
— суық тию және мұрыннан су ағу жиілейді;
— бір немесе бірнеше созылмалы аурулардың өршуі;
— ұйықтап кету қиындайды, ал таңертең ұйқыдан тұру одан да қиын болады;
— түнде сағат 2:30-дан 3:30-ға дейін жиі ояну;
— теріде безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы;
— шаштың сынуы және тырнақтың бөлінуі;
— іш қату, бұзылу және гастрит түрінде асқазан-ішек жолдарында бұзылыстың пайда болуы;
— қызыл иектің кенеттен қанап кетуі;
— зейіннің болмауы;
— бастың жиі ауыруы;
— құлақтың шулауы және жеңіл бас айналу.

Осы тізімдегі кемінде екі белгі болса, ол көктемгі авитаминозбен жедел күресу қажеттігін білдіреді, — деді Алмаш Ардабаева.

Көктемгі витамин тапшылығы ересектерде ғана емес, балаларда да көрінеді. Осы кезеңде адамның өзін қалай сезінетініне мән беру керек.

Дененің «витаминдік» әл — ауқатының маңызды кепілдіктерінің бірі – ол дұрыс және теңдестірілген тамақтану.

Сарапшы диетаға көбірек балық, жаңа сығылған шырындар, түрлі көкөністер, жемістер мен шөптерді қосуды ұсынады. Консервіленген тағамдардан бас тартқан жөн. Ағзадағы дәрумендердің деңгейін бақылау маңызды.

Теңдестірілген диетадан басқа, таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығулар витамин тапшылығын жеңуге көмектеседі.

Есіңізде болсын, витамин тапшылығының назардан тыс қалған белгілері ауруханаға жатқызуға дейін апаратын медициналық араласуды қажет ететін ауыр ауруларға әкелуі мүмкін, — деп ескертті ол.

Дәрумен тапшылығы салдарынан болған ангина (тонзиллит), суық тию белгілері, мұрынның бітуі, құлақтың қабынуы (отит) сияқты аурулардан емделуде Лор-дәрігер көмектеседі.

Алдыңғы пост

Қазақстан Грузия мен Әзербайжанға пияз экспорттайды

Келесі жаңалық

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі