Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмикалық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11:14-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2.
Магнитудасы MPV 5.3.
Жер сілкінісінің координаталары – 42,77° солтүстік. 73,18° шығыс.