turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ЕҰУ шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге арналған қосымша әзірлеп жатыр

4 Сәуір, 2024
in Мәдениет
0
ЕҰУ шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге арналған қосымша әзірлеп жатыр
0
SHARES
12
VIEWS

Еуразия ұлттық университетінің докторанты Асылтас Қалтенова шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Sana» қосымшасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Бірегей қосымша қазақ тіліндегі күнделікті қолдануға арналған диалогтар мен оларға грамматикалық толықтыруларды ұсынады. Жоба Еуразия ұлттық унивверситетінің «Jana Asu» гранты есебінен қаржыландырылады. Ғалымдар қосымшаны келесі жылы қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанда қазақша сөйлеуді үйренгісі келетін шетелдіктер көп. Бірақ, өкінішке орай, біздің нарықта жоғары сапалы веб-ресурстар мен қосымшалар аз. Қолданыстағы бағдарламалар қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасын ғана түсіндіреді, ал практикалық сөздер, сөз тіркестері, диалогтар жоқ. Сондықтан мен осындай олқылықтың орнын толықтырғым келді. Менің мақсатым – қазақ тілін халықаралық деңгейге шығару және мұндай қосымшалар ана тілімізді шетелдік қонақтар арасында дәріптеуге септігін тигізеді деп санаймын, – дейді Асылтас Қалтенова.

Қазір ІТ-мамандар мен ғалымдар мобильді қосымшаның прототипін және кешенді диалогтарды әзірлеуге кірісті. Бағдарламада грамматикалық және лексикалық түсініктемелерден тұратын аудио нұсқаулықтар қарастырылған. Мобильді қосымша Android және iOS пайдаланушылары үшін қолжетімді болмақ.

Алдыңғы пост

Бишімбаев ісі: Сот процесі басталды

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі