turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Эверестті бағындырды

13 Мамыр, 2024
in Басты жаңалық
0
Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Эверестті бағындырды
0
SHARES
16
VIEWS

12 мамырда Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8000 м-ден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы.

«Kazakh Everest Team» командасының өрлеуі бес тәулікке созылды: 7 мамырда базалық лагерьден (5 350 м) шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I Лагерь (6 100 м) арқылы өтіп, одан кейін II Лагерьге (6 400 м), III Лагерьге (7 100 м) көтерілді және IV Лагерьге (8000 м) жеткен соң одан әрі Эверест (8848 м) шыңына қарай тоқтаусыз жүріп отырды. Эверест шыңында «Kazakh Everest Team» спорттық-патриоттық экспедициясының қатысушылары Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.

Алдыңғы пост

1 маусымнан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі қатынайды

Келесі жаңалық

ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі