13 мамыр күні сағат 18:20-да Атырау облысындағы Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.
Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.
Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17.00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.