turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан

ЕО Қазақстаннан ұшу қауіпсіздігінің «қара тізімі» бойынша барлық шектеуді алып тастады

31 Мамыр, 2024
in Қазақстан
0
ЕО Қазақстаннан ұшу қауіпсіздігінің «қара тізімі» бойынша барлық шектеуді алып тастады

pixabay

0
SHARES
12
VIEWS

Биыл 15 мамырда Еуропалық Одақтың (ЕО) 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, комитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады.

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрын анықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады.

ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды.

2024 жылғы 30 мамырдағы хатында ЕК-нің ұтқырлық және көлік жөніндегі Бас директоратының авиация Департаментінің Директоры Филип Корнелис Мырза «Еуропалық Комиссия Қазақстан қызметінің күшейтілген мониторингін тоқтату туралы шешім қабылдады» деп атап өтті, — делінген хабарламада.

Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілді.

Айта кетсек, 2022 жылы отандық әуе компанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болды.

Жалпы, ЕО сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.

Еуропалық Комиссияның 2021 жылдан бастап Қазақстанды бақылау кезеңінде елдегі авиациялық билік органдарының жұмыс істеуінің жаңа моделі дамудың және тиімді қалыптасуының оң динамикасын көрсетеді, бұл да Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулері жоқ отандық әуе тасымалдаушыларын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтық авиация менеджментін реформалаудың сәтті үлгісі болып табылады.

Алдыңғы пост

Ақша жымқырған басшылар сотталды

Келесі жаңалық

Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі