Алматыда Қытай (Ганьсу провинциясы) мен Қазақстан арасындағы сауда мен инвестицияны ынталандыру конференциясы өтті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің Ганьсу филиалының президенті Шэн Юнфэн Қытайдың 13 кәсіпкерін бастап келді. Сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлер федерациясының 35 мүшесі қатысты.
Конференция екі тараптың жобалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру үшін таптырмас алаң болды.
Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Жанар Туребекова қонақтарды қарсы ала отырып, Алматының Орталық Азия өңіріндегі ең ірі іскерлік және қаржы орталығы екенін айтты. Өз сөзінде Қазақстан мен Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестік белсенді дамып, тату көршілік пен өңіраралық қарым-қатынастарды нығайтып келе жатқанын ерекше атап өтті.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палаталарының міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру. Бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін-мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы 5 миллион теңгеге дейін және іске асыру мерзімі 18 айға дейін мемлекеттік гранттар беріледі. 2013 жылғы 8 қазанда еліміздің 14 облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында Кәсіпкерлер палаталары құрылды. Биыл бұл тізімге 17-ші өңір – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қосылды. Кәсіпкерлік палата бүгінде әлемнің көптеген елдерімен байланыс орнатып, келіссөздер жүргізіп отыр. Елімізге инвестиция тартуда қарқынды жұмыс атқарып келеді. Қытайлық әріптестерімізге қош келдіңіздер деймін. Алдағы уақытта іскерлік жұмыстарды бірлесе отырып атқарамыз деген үміттемін, — дейді «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Жанар Туребекова.
Басқосу барысында Ганьсу провинциясының тұмса табиғаты, ауыл шаруашылық өнімдері, экономикасы таныстырылды. Ганьсуға тән ауылшаруашылық өнімдерінің бірегей тартымдылығын және орасан зор әлеуетін көрсетті. Қытайлық кәсіпкерлер ынтымақтастық орнату мақсатымен ұсынып отыр. Барлық кәсіпорындар-жұмыс істеп тұр, сонымен қатар халықаралық нарықты бағындыруда. Келген қонақтар Алматы және бүкіл Қазақстан кәсіпкерлерімен ынтымақтастық орнатсақ деген ниет білдіруде. Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің Ганьсу филиалының президенті Шэн Юнфэн Ганьсу провинциясының экономикасы мен тұрмысына тоқталып өтті.
Ежелден бері Қытай мен Қазақстан өзара сыйластық пен достық қарым-қатынаста болды. Соңғы жылдары «Бір белдеу және бір жол» бастамасы арқылы екі ел, екі жақты ынтымақтастықта жемісті нәтижелерге қол жеткізіп, өзара сенімді дос, жақсы серіктес, жақсы ағайынға айналды. Соңғы жылдары Қазақстан Ганьсудың сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орынға ие болды. Екі ел арасындағы экономикалық және сауда байланыстары 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін қарқынды жүзеге асып келеді. Қазақстаннан келетін ынтымақтастық пен алмасулар тереңдей түсті 8,59 миллиард юаньға жетіп, осы кезеңдегі 18,8%-ға артып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізді. Ганьсу ежелгі Жібек жолы мен жаңа Еуразия құрлық көпірі үшін қажетті орын болып табылады. Дунхуан Могао гроттолары, Цзяюй Сионгуан, Увэй Тяньма, Майцзи мүсіндері Қытай өркениетінің гүлденуі мен дамуының куәгерлері және нышандары. Ганьсуда мұхиттар мен аралдардан басқа барлық жер бедері бар. Онда Мингша тауы, жарты ай бұлағы, әскери жылқы фермасы, түрлі-түсті Данся, Цилянь мұздығы және басқа да әдемі көріністер бар. Нью-Йорк Таймс ұсынған әлемдегі 52 бару керек жерде Ганьсу көрсетілген, — деді Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің Ганьсу филиалының президенті Шэн Юнфэн.
Сондай-ақ Ганьсу провинциясының экономикасы мен шаруашылығына тоқталып өтті. Қазақстандық кәсіпкер мен достарды тарихи мүмкіндікті пайдаланып, сауда алмасуды кеңейтуге, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
Шэн Юнфэн атап өткендей, Ганьсу — Қытайдың ең ірі көкөніс және гүл тұқымдарын өсіру базасы, жүгері тұқымын өндіру базасы және көкөніс және гүл тұқымдарын экспорттауда елде бірінші орында. Ганьсу — Қытайдағы негізгі алма өндіруші аймақ. Пинглян, Циньян, Тяньшуй және басқа жерлерден алынған алмалар елде үшінші орын алады, өндіруші аймақ және Қытайдағы ең ірі бес жайылымдық аймақтың бірі бұл дәстүрлі қытай дәрілік материалдарының маңызды шығу тегі және негізгі өндіріс аймағы және «Мыңжылдық медицина қалашығы» және «Табиғи медицина қоймасы» ретінде белгілі.
Ганьсу провинциясының халықаралық сауданы дамыту кеңесін белгіледік. Сондай-ақ жан-жақты және толық технологиялық қызметтерді ұсынатын шетелдік инвестицияланған кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін арнайы сыныпты құру қажет. Біз Ганьсуда шетелдік инвестициялар үшін әртүрлі преференциялық саясаттарды жүзеге асырамыз және нарыққа бағдарланған, құқықтық және халықаралық бірінші дәрежелі бизнес-ортаны құруға тырысамыз. Біз барша қазақстандық кәсіпкер мен достарды тарихи мүмкіндікті пайдаланып, сауда алмасуды кеңейтуге, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлесе «Ұтыс-жеңіс» дамуының жаңа тарауын жазуға құшақ жая қарсы аламыз. Сөз соңында айтарым, бұл кездесудің жемісті нәтижелерге жетуіне тілектеспін. Баршаңызға жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін, — деді Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің Ганьсу филиалының президенті Шэн Юнфэн.
Іс-шараға Алматы қаласының кәсіпкерлер федерациясы, Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету жөніндегі Ганьсу провинциялық комитеті, қытайлық және қазақстандық іскер топтар мен кәсіпкерлер келді. Ганьсу провинциясының кәсіпкерлері Қазақстанға өз өнімдерін таныстырып, бизнес бағытын көрсетті.
Шара барысында елдер арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екі жақты келіссөздер жүргізілді. Кездесу соңында Қытайдың Ганьсу провинциясының кәсіп орындарынан келген өнімдер ұсынылып, таныстырылды. Қазақстандық кәсіпкерлер өздеріне ұнаған өнімдерді шығарушылармен келіссөз жүргізді.