Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Аймақтың ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, орналастырылды.
Ол 2021 жылдың маусымында А.азаматының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деп күдіктенеді.
Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді, — делінген хабарламада.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.