turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан

Корея елшісі тәуелсіздік күрескерінің қабіріне барып, гүл шоғын қойды

28 Ақпан, 2025
in Қазақстан
0
Корея елшісі тәуелсіздік күрескерінің қабіріне барып, гүл шоғын қойды

Корея Республикасы елшілігі

0
SHARES
10
VIEWS

Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик 1 наурыз қозғалыс күніне орай тәуелсіздік үшін күрескен қайраткердің қабіріне зиярат етті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

27 ақпанда елші Чжо Тэ-ик Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы Старое зиратында орналасқан тәуелсіздік күрескері Чжо Чанвонның қабіріне барып, гүл шоғын қойды.

Бұл іс-шара Корея Республикасының Патриоттар және ардагерлер істері министрлігі ұйымдастырған «Кореяның азаттық алғанына 80 жыл және 1 наурыз қозғалыс күніне орай тәуелсіздік күрескерлерінің қабіріне зиярат ету» атты кампания аясында өтті. Салтанатты рәсімге әскери атташе Ким Чжонхве, консул Чжи Хэсун, сондай-ақ Балқаш қаласындағы Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігінің жетекшісі Цай Александр, оның орынбасары Огай Дмитрий және Балқаш қаласындағы корей қауымдастығының өкілдері – Югай Андрей, Ким Светлана, Югай Лариса, Ли Виталий, Ли Дарья және басқалар қатысты.

Қатысушылар 2006 жылы Чжо Чанвонға мемлекетке сіңірген еңбегі үшін ордені марқұм болған соң берілгенін атап өтіп, оның ерлігі туралы оқып, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Біз тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлердің жанқиярлық ерлігіне терең ризашылығымызды білдіреміз. Корея Республикасы үкіметі олардың ерлік рухын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін күш-жігерін жалғастырады, – деп атап өтті елші Чжо Тэ-ик.

Сонымен қатар ол Чжо Чанвонның қабірін табуға және еске алу рәсімін ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Балқаш қаласындағы Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігіне ерекше алғысын білдірді.

Алдыңғы пост

Нұрлан имам Трамп өткізген қайырымдылық асқа қатысты

Келесі жаңалық

Бектенов еліміздің беделіне әсер ететін вокзалдарды жөндеуді биыл аяқтауды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі