turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алматы мектептерінде теракт жасалатыны хабарланды

19 Қаңтар, 2026
in Қоғам
0
Бишімбаевты ұстаған полицейлерге сөгіс жарияланды

ІІМ

0
SHARES
12
VIEWS

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер жасалуы мүмкін деген жалған хабарламалар тарады. Алайда полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, білім беру ұйымдарындағы жағдай толық бақылауда. Құқық қорғау органдары мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Қазіргі уақытта фейк хабарламаның авторы мен тарату көзі анықталуда. Оған қатысы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады қалалық ПД.

Полиция тұрғындарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырды.

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты әдейі жалған ақпарат тарату – аса ауыр құқықбұзушылық және ол заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Тексерілмеген мәліметтерді таратпауды және қайта жолдамауды сұраймыз, — делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми түсіндірмесінде.

Алдыңғы пост

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Келесі жаңалық

Қазақстанда жаңа Парламент "Құрылтай" деп аталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі