turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан

ҚМА АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жариялады

2 Ақпан, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
ҚМА АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жариялады

ҚМА

0
SHARES
21
VIEWS

Қаржы мониторингі агенттігі екі шетелдік азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Олар:

Дмитры Дружинскы, 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы,

Марина Левкович (Гинзбург), 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы.

Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, байланысы бар компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар тобы басқарғаны анықталды.

Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан, — делінген хабарламада.

Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында «PIN-UP.KZ» брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған «Бонами» ЖШС заңды тұлғасы құрылған.

Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған «Gold Pay» ЖШС және «Cyber Pay» ЖШС (кейіннен — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді.

Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.

Егер іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:  +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

Алдыңғы пост

ҰҚК пара алған шенеуніктерді ұстады

Келесі жаңалық

Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіруді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі