turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Семейде анасын балағаттаған ер адам қамалды

11 Наурыз, 2026
in Қоғам
0
Бишімбаевты ұстаған полицейлерге сөгіс жарияланды

ІІМ

0
SHARES
13
VIEWS

Семей қаласында ер адам анасын балағаттап, қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының мәліметінше, ер адам пәтерде отырып, анасының атына балағат сөздер айтып, оған құрметсіздік танытқан.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 14 ақпанда полиция қызметкерлері оған қорғаныс нұсқамасын берген болатын. Алайда ол белгіленген тыйымды бұзған.

Соттың түсіндіруінше, қорғаныс нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан немесе қауіптен қорғау үшін қолданылады. Ол құқық бұзушыға жәбірленушімен байланыс жасауға немесе оған қысым көрсетуге тыйым салуы мүмкін.

Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін толық мойындаған.

Сот қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост

Дубай әуежайы маңында дрон құлап, төрт адам зардап шекті

Келесі жаңалық

Атыраудағы қылмыс: табылған мәйіттерде пышақ жарақаттары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі