Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы коллекционерлер клубында Қайырбек Рамазанов сынды зейнеткер өз ерекше хоббиімен танылып отыр.
55 жылдан астам уақыт төсбелгі жинаумен шұғылданған Қайырбек ағаның қолында шамамен 15 мыңға жуық төсбелгі бар. Оның бір бөлігін өзі іздеп тапса, қалғанын басқа коллекционерлермен алмасу арқылы жинаған. Оның коллекциясындағы шамамен 2 мың төсбелгі музейге тапсырылған.

Қайырбек Рамазановтың айтуынша, қызықтыратын заттарды жинау арқылы тарихты терең түсінуге болады. Ол жастарды да осындай хобби арқылы білім алуға және қызығушылықтарын арттыруға шақырды.
