Қарағанды қаласында 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 12 сәуір күні Гүлдер-1 шағын ауданы аумағында болған. 2022 жылы туған бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.
Мәліметке сәйкес, бала ата-анасымен бірге Астанадан Қарағандыға қонаққа келген. Сол сәтте ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған, ал бала қараусыз қалып, терезеден құлап кеткен.
Бүлдіршін ауыр халде көпсалалы ауруханаға жеткізілген.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге қорғаныш блокираторлар орнату және терезе алдына жиһаз қоймау қажеттігін ескертті. Мамандар москит торлары баланың салмағын көтере алмайтынын да атап өтті.
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||
Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді