turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстанда қызылшаға шалдыққан балалар саны азайып келеді

17 Сәуір, 2026
in Қоғам
0
Қазақстанда қызылшаға шалдыққан балалар саны азайып келеді

Фото: © freepik.com

0
SHARES
5
VIEWS

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылшамен сырқаттану деңгейі шамамен 30 пайызға төмендеген. Алайда эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақталған жоқ.

Соңғы бір аптада елімізде қызылша жұқтырған 212 бала тіркелген. Ал оған дейінгі аптада бұл көрсеткіш 302 болған. Осылайша, сырқаттану деңгейі ресми дерек бойынша айтарлықтай азайған.

Дегенмен, ауру ең көп тіркелген өңірлер қатарында Астана қаласы алда тұр – 46 жағдай. Одан кейін Павлодар облысында – 38, Алматы қаласында – 20 және Қарағанды облысында 19 науқас анықталған. Бұл көрсеткіштер инфекцияның әлі де белсенді таралып жатқанын көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 4 240 адам қызылша жұқтырған. Оның 76,4 пайызы – екпе алмағандар. Яғни, әр төрт науқастың үшеуі вакцинациядан өтпеген.

Министрлік вакцинация жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда 1 жастағы 69 мың бала, 6 жастағы 66,8 мың бала екпе алған. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі 58,2 мың бала мен жасөспірім де вакцинациямен қамтылған.

Алдыңғы пост

Қазақстанға Моңғолия президенті келеді

Келесі жаңалық

Өскеменде жол апаты болды: зардап шеккендер бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі