turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Жанабыловтар ісі: Төлегеноваға үкім қандай болуы мүмкін?

27 Сәуір, 2026
in Мәдениет, Таным
0
«Заң бұзғанымызды мойындаймын»: Эльмира Төлегенова сотта жылап қалды

Фото: instagram/ @elt6i

0
SHARES
3
VIEWS

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы келтірілген залал толық өтелгенін ескеріп, айыпталушыларға жаза тағайындауды және бірқатарын шартты немесе кейінге қалдыруды сұрады.

Сотта аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев Эльмира Төлегеноваға жаза тағайындау туралы ұсынысын жариялады.

Төлегеноваға ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу, ал 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз, – деді прокурор.

Оның айтуынша, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу ұсынылды.

Сонымен қатар прокурор ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес аталған жазаны 2 жылға кейінге қалдыруды сұрады.

Егер сотталушы бала тәрбиесінен жалтарса немесе қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзса, жазаны өтеуді кейінге қалдыру күшін жою мәселесі қаралуы мүмкін, – деп түсіндірді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ прокурор Төлегенованы үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 тәулік ішінде пробация қызметіне тіркелуге міндеттеуді, ал оның мінез-құлқына бақылауды тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктеуді ұсынды.

Бұдан бөлек, айыптаушы соттан мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеуді сұрады. Атап айтқанда, iPhone 16 телефондары және Hyundai Elantra автокөліктері тәркілеуге жатады.

Ал Lamborghini Urus пен Lexus RX 600 көліктеріне салынған тыйымды үкім заңды күшіне енгеннен кейін алып тастап, иелеріне қайтару ұсынылды.

Алдыңғы пост

Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Келесі жаңалық

Жанабыловтар ісі: Астанада ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты сот үкімі шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі