Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Марапат Қазақстан мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.
Өз кезегінде Юрико Коикэ Қазақстан президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақордада екі тараптың келіссөзі өткен болатын.
