АҚШ-та өткен FIRST Tech Challenge аясындағыбеделді халықаралық робототехника жарыстары Назарбаев Зияткерлікмектептерінің оқушылары үшін айтулыжеңістермен аяқталды.
Қазақстандық жасинженерлер бұл додаларда жоғары дайындықдеңгейін, командалық үйлесімін жәнехалықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенінайқын көрсетті.
Лос-Анджелес қаласында өткен Western Edge Premier Event 2026 халықаралық турниріндеNIS Алматы-Медеу мектебінің PHOBOS командасы үздік нәтиже көрсетіп, жарыстыңабсолютті көшбасшысы атанды. 10-нан астамелден 88 команда қатысқан беделді додадаNIS оқушылары төрт басты марапатқа иеболды:— Western Edge Premier Event жалпы есебіндеWinning Alliance Captain және Inspire Award Winner;
— Sea Division дивизионында Winning Alliance Captain және Inspire Award Winner.
Тағы бір маңызды жетістік NIS Шымкент-Абай мектебінің оқушыларына тиесілі. Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен Run forthe Robots халықаралық турнирінде мектептіңAtomic Heart командасы жоғары нәтижекөрсетіп, қазылар алқасының ең жоғарымарапаты – Inspire Award жүлдесін иеленді. Халықаралық додаға АҚШ-тың 25 штатынан, Пуэрто-Рико, Бразилия және Қазақстаннан 70-тен астам команда қатысты.
Еске сала кетейік, FIRST Tech Challenge – оқушыларға арналған халықаралықбағдарлама.
Ол қатысушылардың өзтехникалық шешімдерін жобалау, сынақтанөткізу және таныстыру дағдыларын дамытуғабағытталған. Қазақстанда бағдарламаныңұлттық кезеңін USTEM Foundation ұйымдастырады. Қордың қолдауымен еліміздіңкомандалары халықаралық турнирлердеҚазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.
