turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Астанада «ReStart» жобасының мерейтойлық маусымы қорытындыланды

4 Маусым, 2026
in Қоғам
0
Астанада «ReStart» жобасының мерейтойлық маусымы қорытындыланды
0
SHARES
36
VIEWS

Астанада Қазақстандағы студенттер арасындағы ең ірі экологиялық бастамалардың бірі болып саналатын «ReStart» экологиялық жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының финалы өтті, бұл жоба тұрақты даму мен экологиялық мәдениет идеялары төңірегінде жастарды, жоғары оқу орындарын, экологиялық ұйымдарды, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесті біріктіреді.

Осыдан он жыл бұрын «3.2.1 Start!» атауымен белгілі болған жоба бүгінде Қазақстандағы ең ауқымды студенттік экологиялық қозғалыстардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында эко-клубтар құрылып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелері енгізілді, экологиялық білім беру науқандары мен пластикті қайта өңдеуге бағытталған жергілікті жобалар жүзеге асырылды. Бастапқыда идея мен арман ретінде туындаған көптеген бастамалар бүгінде тұрақты әлеуметтік жобалар ретінде жұмыс істеп келеді.

Мерейтойлық маусым жоба үшін жаңа даму кезеңіне айналды. 2025 жылы бастама жаңартылған «ReStart» атауына ие болып, Қазақстанның одан да көп студенттерімен университеттерін экологиялық мәдениет пен тұрақты әдеттерді қалыптастыруға тартуға бағытталған кеңейтілген миссияны қабылдады.

2026 жылы жобаға еліміздің 10 өңірінен 23 жоғары оқуорны қатысты. Маусым барысында студенттер экологиялық бастамаларды жүзеге асырып, білім беру іс-шаралары, сенбіліктер, қалдықтарды бөлек жинау акциялары мен пластикті қайта өңдеу жобаларын өткізді. Жиналған пластиктің жалпы көлемі 60 тоннадан асты.

Финалдың алғашқы күні командалар байқау комиссиясына өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелерін енгізу, студенттік эко-клубтарды дамыту, экологиялық акциялар мен сенбіліктер өткізу, сондай-ақ пластикті қайта өңдеу бойынша жеке бастамалары туралы баяндады.

Биыл ұйымдастырушылар жиналған пластик көлемінеғана емес, сондай-ақ университеттердегі экологиялық шешімдердің жүйелі түрде енгізілуіне де ерекше назар аударды. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бағаланды: экологиялық әсер, студенттердің қатысу деңгейі, білім беруқызметі, медиа белсенділік, инновациялық тәсілдер және жобалардың байқаудан кейінгі тұрақтылығы.

Финалдың екінші күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бейінді министрлікөкілдері, БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары, экологиялық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті.

«Дәл осы ReStart бұл үдерісті іске қосады, және ертеңосы 200 000 адам шенеунік, депутат, кәсіпкер, қоғамқайраткері болады. Еліміздің күн тәртібін дәл осы кісілер қалыптастыратын болады. Осы жобаға қатысы бар барлық адамдарға, барлық ұйымдастырушыларға осындай орасан жұмыс атқарғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұлшынымен де өте ауқымды жұмыс», – деп пікір білдірдіҒылым және жоғары білім министрінің жастар саясатымәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов.

«Экология және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік тәжірибелер» атты панельдік сессияда CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі жетекшісі Алина Абилева сөз сөйлеп, компанияның экологиялық бастамалары мен бизнестің тұрақты шешімдерді дамытуға қосып жатқан үлесі туралыайтты.

«Біз үшін экологиялық бастамалардың бір реттікакциялармен шектелмеуі маңызды. Бұл жобауниверситеттерге инфрақұрылымды, білім беру бағдарламаларын және студенттердің тұрақты даму бойынша күн тәртібіне белсенді қатысуын қамтитын толыққанды жүйе құруға көмектеседі», — деп атап өттіАлина Абилева.

 

          Сонымен қатар сессия аясында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Алия Рахимбекова «ReStart» экологиялық жобасының 10-маусымының қорытындыларын ұсынған баяндама жасады.

 

«Бүгінде ReStart – бұл тек университеттер арасындағы байқау ғана емес. Бұл студенттер нақты экологиялық шешімдер әзірлеуді үйренетін алаң, ал ол шешімдер жоба аяқталғаннан кейін де өз жұмысын жалғастырады», — деп атап өтті Әлия Рахымбекова.

Спикерлер студенттердің экологиялық күн тәртібіне деген көзқарасының өзгеруіне ерекше назар аударды. Егер бұрын экологиялық жобалар негізінен волонтерлік бастама ретінде қабылданса, бүгін университет командалары пластикті қайта өңдеуден бастап кампустар ішінде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруға дейін әлдеқайда жүйелі әрі практикалық шешімдер ұсынып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба өңірлерде одан әрі кеңейіп, білім беру, жастар бастамалары және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігіне айналады.

ReStart жобасын CCI Kazakhstan компаниясының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» ЗТБ іске асырады. Маусым басында еліміздегі жоғары оқу орындарында экологиялық бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan және Коалиция арасында үшжақты Іс-шаралар жоспарына қол қойылған.

Мерейтойлық маусымның финалы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өтті.

«ReStart» жобасының мерейтойлық маусымының жеңімпаздары салтанатты марапаттау рәсіміндежарияланды. Бас жүлде – құны 5 миллион теңге болатын жабдық Кызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университетке берілді. Ең белсенді кураторлар да ұйымдастырушылар тарапынан 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сыйақыға ие болды.

Алдыңғы пост

NIS оқушылары АҚШ-та өткен беделдіробототехника турнирлерінде бастымарапаттарға ие болды

Келесі жаңалық

Бес жылда қазақстандықтар «е-Өтініш» арқылы қанша өтініш берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шілде 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі