turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Ғылымға қадам» жобасы өңір педагогтерінің ғылыми әлеуетін арттырып жатыр

18 Маусым, 2026
in Қоғам
0
«Ғылымға қадам» жобасы өңір педагогтерінің ғылыми әлеуетін арттыруда
0
SHARES
20
VIEWS

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ғылымға қадам» жобасы өңірдегі ғылыми ортаны дамытуға үлес қосып келеді.

Жоба алғаш рет 2025 жылы іске қосылып, ғылыми қызметтен белгілі бір себептермен алшақтаған, алайда ғылыми ортаға қайта оралып, докторантурада білім алуды жоспарлаған әйелдерді қолдауға бағытталды. «Ғылымға қадам 1.0» кезеңіне 20 қатысушы іріктеліп, оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кешенді әдістемелік қолдау көрсетілді.

Нәтижесінде жобаға қатысушылардың екеуі докторантураға оқуға түссе, төртеуі инновациялық ғылыми жобаларын әзірлеп, патент иеленді. Сонымен қатар бірқатар қатысушылар республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға шақырту алып, ғылыми белсенділіктерін арттырды.

Жобаның оң нәтижелерінен кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Мұғалжар аудандық білім бөлімі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Ғылымға қадам 2.0» жобасы қолға алынды.

Бұл кезеңде жоба магистр дәрежесі бар мектеп педагогтерінің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Бір ай бойы ауданның 30-ға жуық мұғалімі ғылыми зерттеудің негіздерін меңгеріп, ғылыми мақала мен жоба әзірлеу бағытында тәжірибе жинақтады.

Жоба барысында университет оқытушылары ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық негіздері бойынша дәрістер оқып, зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеу әдістерін анықтау, деректерді жинау және өңдеу мәселелері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Сондай-ақ қатысушылар ғылыми нәтижелерді талдау, қорытынды жасау және ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптары жөнінде әдістемелік кеңестер алды.

Жоба педагогтер тарапынан жоғары бағаланып, облыстың өзге аудандарының да қызығушылығын тудырды. Бастама өңірдегі мектеп ғылымының сапасын арттыруға және ғылыми қауымдастықтың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Жобаның авторы – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова.

Алдыңғы пост

Бес жылда қазақстандықтар «е-Өтініш» арқылы қанша өтініш берді

Келесі жаңалық

WRO 2026: Қазақстанның үздік робототехника командалары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шілде 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі