turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

Астанада әкелер күніне арналған турнир өтті

20 Маусым, 2026
in Uncategorized
0
Астанада әкелер күніне арналған турнир өтті
0
SHARES
26
VIEWS

Әкелер күніне орай Алматы аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ата – Әке – Немере» атты теннис турнирі өтті. Іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылуында Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұргүл Талғатқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, әкенің отбасы мен қоғамдағы ерекше рөліне тоқталды.

«Әке – отбасының тірегі, балаларына бағыт-бағдар беретін асыл тұлға. Отбасылық құндылықтарды сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, ұрпақтар арасындағы байланыс нығая берсін. Осындай игі бастамалар мен спорттық шаралардың қатары арта түссін», – деп ізгі тілегін білдірді.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен татулықтың жарқын үлгісін танытты. Бір команда құрамында бірнеше буын өкілдерінің өнер көрсетуі турнирдің мән-маңызын арттырып, ерекше әсер сыйлады.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейміз!

Турнир қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Жүкеновтер отбасы;
🥈 ІІ орын – Хасеновтер отбасы;
🥉 ІІІ орын – Рахымбековтер отбасы.

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны және отбасы құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін екі отбасы Алғыс хаттармен марапатталды.

Алдыңғы пост

WRO 2026: Қазақстанның үздік робототехника командалары анықталды

Келесі жаңалық

Болашақ отбасыдан басталады: «Дана ғасыр» форумында жаңа ұрпақ тәрбиесінің формуласы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шілде 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі