turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Тау-кен саласы қызметкерлерінің балаларына арналған STEM-лагерь өтті

24 Маусым, 2026
in Қоғам
0
Тау-кен саласы қызметкерлерінің балаларына арналған STEM-лагерь өтті
0
SHARES
28
VIEWS

Астана мен Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Алтыналмас» компаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған STEM-лагерь өтті. Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ірі жұмыс берушілерінің бірі саналатын компания өкілдерінің балалары лагерь барысында заманауи технологиялармен танысып, сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінігін кеңейтті.

Бес күнге созылған бағдарлама 12–16 жас аралығындағы 140-қа жуық оқушының басын қосты. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, түрлі тәжірибелер жасап, командалық жұмыс арқылы ғылым әлеміне тереңірек үңілді.

NIS педагогтері мен STEM мамандарының жетекшілігімен оқушылар жасанды интеллект, робототехника, STEM-жобалау және инженерлік ойлау негіздерін меңгерді. Қатысушылар зертханаларда жұмыс істеп, хакатондарға, зияткерлік ойындарға және шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты.

Қатысушылардың NIS жатақханаларында орналасуы лагерь форматының басты ерекшеліктерінің бірі болды. Бұл оқушыларға тек сабақ барысында ғана емес, одан тыс уақытта да білім беру ортасының бір бөлігі болуға, әр өңірден келген замандастарымен танысып, тәжірибе алмасуға жағдай жасады.

«STEM-лагерь мен үшін өте қызықты әрі пайдалы өтті. Біз түрлі тәжірибелер жүргізіп, ғылымға басқа қырынан қарауды үйрендік. Робототехника мен ғылыми жобаларға арналған сабақтар ерекше ұнады – әр тапсырма ойлануға, ізденуге және өз қолымызбен жасап көруге мүмкіндік берді. Мұғалімдер мен тәлімгерлер бізге бағыт-бағдар беріп, әр қадамымызды қолдап отырды. Осындай мазмұнды әрі шабыт беретін мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді лагерь қатысушысы Айжан Қадір.

«Ата-ана ретінде біз үшін баламыздың уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін құнды тәжірибе алғаны маңызды. Мұндай бағдарламалар балалардың қызығушылығын оятып, дамуға деген ынтасын арттырады», – дейді қатысушылардың бірінің әкесі Санжар Жүсіпов.

STEM-лагерь оқушылар үшін жаңа білім алып, түрлі бағытта өз қабілетін сынап көруге мүмкіндік берген мазмұнды ортаға айналды. Қатысушылар технология, инженерия және ғылым әлемімен практикалық тұрғыда танысып, өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін тереңірек түсінді. Көптеген оқушы үшін бұл болашақ мамандығын саналы таңдауға жасалған маңызды қадам болды.

 

 

Алдыңғы пост

Болашақ отбасыдан басталады: «Дана ғасыр» форумында жаңа ұрпақ тәрбиесінің формуласы талқыланды

Келесі жаңалық

Еш өкініш жоқ: Криштиану Роналду Әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі