Алматыдағы лай көшкіні кезінде үйінді астында қалған 3 адамның да денесі табылды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Құтқарушылар үйінді астынан 4 адамның денесін алып шықты. Олар 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған тағы бір жасөспірімнің денесін шығарды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған.
Апат болған жерді лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.