turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қандаладан құтылам деп қос баланы өлтіріп алған әйелге сот үкім шығарды

18 Қаңтар, 2024
in Қоғам
0
Қандаладан құтылам деп қос баланы өлтіріп алған әйелге сот үкім шығарды

pixabay.com

0
SHARES
6
VIEWS

Бүгін Ақтау қалалық соты пәтеріндегі қандаланы өз бетінше уламақ болып, салдарынан көршілерін қайғылы жағдайға душар қылған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Mangystau Media мәліметінше, былтыр 21 қазанда Ақтау қаласының 48 жастағы тұрғыны қандаладан құтылмақ болып, үйіндегі жәндіктерді өз бетінше улайды. Кейін химиялық препараттан бөлінген аммиак жоғарыда орналасқан пәтерге жетіп, 10 айлық және 2 жасар балалар уланып, қайтыс болады.

Мамандар дезинфекцияланған пәтерден 39 химиялық таблетка тауып алған.

Күдікті ретінде ұсталған әйел ҚР ҚК 304-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен пәтер иесі 5 жылға сотталды. Ол мемлекет пайдасына 1 839 565 теңге сомасында процессуалдық шығынды өтеуге міндеттеледі. Сот үкімі 2024 жылғы 18 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді, — деді Ақтау қалалық сотының судьясы Ақмарал Хасенова.

Сот отырысында судья оның бұрын сотты болмаған атап өтті.

Үйде тексеріс жүргізген мамандардың сөзінше, пәтер иесі химиялық препаратты Алматы базарынан алған. Ақтау санитариялық-эпидемиологиялық станциясы баспананы өз бетінше улауға болмайтынын, тиісті қызметкерлерге жүгіну қажеттігін ескертеді.

Алдыңғы пост

Енді жаяу жүргіншілер көлікке жол беруге міндетті емес

Келесі жаңалық

Талапкерлер ҰБТ-да қай пәнді көп таңдайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі