Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді.
Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз, — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Ескеретін жайт, алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.