turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

21 Мамыр, 2024
in Басты жаңалық
0
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

СІМ

0
SHARES
8
VIEWS

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс басталмас бұрын қатысушылар тікұшақ апаты салдарынан қаза болған Иран Президенті Ибрахим Раисиді, Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиянды және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Делегациялар басшылары ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындық шеңберінде өзекті халықаралық және өңірлік мәселелердің кең ауқымы бойынша «сағаттарын теңестірді». Ұйымның жай-күйі мен даму келешегін қарастырып, оған қоса оның қызметін жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

ҚР СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстан Ұйымның барлық мемлекеттерімен ынтымақтастықтың жан-жақты бағыттарында өзара іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

ШЫҰ көпсалалы өзара іс-қимылдың беделді және тиімді алаңы мәртебесіне ие болды. «Шанхай рухының» негізгі принциптері – тату көршілік, достық және өзара қолдау – Ұйымның айрықша белгісіне айналды. Қазақстан өз тарапынан ШЫҰ әлеуетін барынша арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеп келеді. Төрағалығымыздың басымдықтарына сәйкес, біз тұрақты даму мен өркендеу жолында инклюзивті диалог пен ынтымақтастық құруға ұмтыламыз, – деп мәлімдеді Мұрат Нұртілеу.

Қатысушылар ШЫҰ-ның өңірдегі көпжақты алаң ретіндегі маңызды рөлін және Ұйым кеңістігінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша оның қосқан үлесін бағалады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары ортақ күш-жігердің арқасында Астана декларациясының, «Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы» бастаманың жобаларын, ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы жұмысы бойынша бірқатар басқа құжаттарды мақұлдады. Бұдан басқа, алдағы Саммитте Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделін күшейтуге және одан әрі нығайтуға бағытталған 20-дан астам құжатты қабылдау жоспарланған.

Министрлер ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Беларусь міндеттемелері туралы меморандумның күшіне енуі жөнінде қажетті мемлекетішілік рәсімдердің сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

БҰҰ-мен және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен пікір алмасуды одан әрі арттыру, Ұйымның дәйекті дамуы мүддесінде бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі туралы ортақ түсіністік білдірілді.

Алдыңғы пост

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады

Келесі жаңалық

Қазгидромет: 23 мамырға арналған ауа райы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі