turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды

Көлік министрі Марат Қарабаев Өзбекстан Республикасының көлік саласына жауапты министрі Илхом Махкамовпен кездесті

13 Мамыр, 2024
in Экономика
0
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды

Көлік министрлігі

0
SHARES
22
VIEWS

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Былтыр автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 6 пайызға ұлғайып, 1,8 млн тоннаны құрады. Жалпы автотасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң серпіні байқалады, — деп атап өтті Марат Қарабаев.

Азаматтық авиация көлік-логистикалық хабтың негізгі қозғаушы күші. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады. Өткен жылы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өткен болатын. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейстер санын Астана – Ташкент бағыттары бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.

«Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысына келетін болсақ, қазақстандық тарап Өзбекстанның бұл бастамасын қолдайды.

Жобаны іске асыру Орталық Азия елдері үшін өңірлік қатынас пен сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені Оңтүстік Азия өңірінің ірі теңіз порттарына қолжетімділік ашылады, — деді ведомство басшысы.

Тұтастай алғанда екі ел арасындағы жүктерді автокөлікпен тасымалдау және транзиттеу үкіметаралық келісімге сәйкес рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Алдыңғы пост

13 мамырда күн қандай болады

Келесі жаңалық

1 маусымнан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі қатынайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі