2024 жылғы 10 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Тәжікстанға Astana Hub-тан «Tech Orda» атты адами капиталды дамыту бағдарламасы шеңберінде IT-мамандарды оқытуға 100 квота берді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Бағдарлама Тәжікстан жастарына Қазақстанның жетекші жеке IT-мектептерінде оқуға, веб-әзірлеу, киберқауіпсіздік және басқа да салалардағы дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл бастама Орталық Азиядағы жастарды қолдауға және екі ел арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға бағытталған.