turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Биржа басшылығы көмір сатып, 2 млрд теңгеге байыған

30 Қаңтар, 2025
in Басты жаңалық, Қазақстан, Қоғам
0
Биржа басшылығы көмір сатып, 2 млрд теңгеге байыған

pixabay.com

0
SHARES
4
VIEWS

ҚМА «Modern Trading Solutions» тауарлық биржасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Turanaqparat.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның басшылығы биржалық сауданың негізгі қағидаларын бұзып, Шубаркөл кен орнынан көмірді тек заңсыз материалдық сыйақы төлеген тұлғаларға сатқан.

Көмірді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, саудагер сауда биржалары арқылы бәсекелестікті дамытуға, делдалдарсыз, оның әділ бағасын қалыптастыруға ықпал жасауға тиіс болатын.

Сонымен қатар, «Modern Trading Solutions» тауар биржасының басшылығы 23 брокерлік компанияны туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркеп, өздерінің жұмысын көмір саудасына тек ұдайы ақшалай сыйақы беретін адамдарды жіберетіндей етіп ұйымдастырған.

Кері жағдайда, аккредитация мерзімін созып, келісімшартқа қол қоймау, саудаға қолжетімділігін шектеу және олардың нәтижелерін жою арқылы кәсіпкерлерге саудаға қатысуына жол бермеген.

Аталмыш жағдай әсіресе жылыту маусымы алдында көптеген арыз-шағымдар мен әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырған. Қылмыстық топтың жыл сайынғы кірісі 2 миллиард теңгеден асқан. Оны өздеріне қарасты компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сауда биржасының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ал тағы біреуіне осындай шарамен қатар іздеу жарияланды, — деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Агенттік әлеуметтік маңызды тауарларға баға қалыптастыруды бақылауды жалғастыруда. Биржалық мәмілелерде әділ жағдайларды қалпына келтіруде және тұтынушылардың мүдделерін қорғауда жұмыс істеуде.

Алдыңғы пост

Алматыда 6 келілік алып сәби дүниеге келді

Келесі жаңалық

Қазақстанға кім жиі келеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі