Астанада әйелін өлтірді деп күдіктеліп отырған Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот процесі басталды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
Күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылды.
Күдікті Бақытжан БайжановқаҚылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылып отыр.
3 сәуіп күні Бишімбаев әйелі қайтыс болған күні болған жағдайдың мән-жайын айтып берді. Сондай-ақ прокурорлар алқабилер мен сот отырысына қатысушыларға іс бойынша бейнематериалдар ұсынды.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының онлайн трансляциясын мына жерден көруге болады.