Бүгінгі таңда жастар саясатына қатысты мемлекет тарапынан қолға алынып отырған жобалар мәселелері шешуді ғана емес, проблемалардың алдын алуды да қамтып отыр. Бұл сөзіміздің бір дәлелі – бүгінгі Мемлекет басшысының өз Жолдауында айтқан бастамасы. Нақтырақ айтсақ, алдағы уақытта кәсіп бастағысы келетін жастарға 2,5 пайыздық үстемемен шағын несие берілетін болды. Демек, ендігі кезекте өз ойын іске асырғысы келетін азаматтар мемлекеттік грантқа ие бола алмаған күннің өзінде, өте аз пайыздық үстемемен қаржыға ие бола алады. Бұл қазіргі 20 пайыздан астам үстемемен несие алуға қарағанда әлдеқайда тиімді болатындығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан, 2,5 пайызбен несие беру жобасы жастарға мол мүмкіндік сыйлайды деп сеніммен айта аламыз.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жастар арасындағы синтетикалық есірткі саудасы екендігін айтып, көлеңкелі бизнестің жарнамасы мен саудасына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.