Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті он жетінші сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау бойынша отырысы өтті. Жиынды комиссия төрайымы Альбина Елшиева жүргізiп, 2 мәселе қаралды.
Олар:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері.
2. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының нақтылауға ұсынған қаржылары туралы;
Тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан тиісінше сауалдар қойылып, күн тіртібіндегі мәселелерді қайта зерделеу керектігін ескеріп, бiрлескен тұрақты комиссиялардың қарауына қалдырды.